Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Сырдария ауданында ахуал әлі күрделі

23 рет көрсетілді

Сырдария ауданында індетпен ауырғандардың көрсеткіші қаңтар айында 1,6, ақпанда 6,7, наурызда 11,8 есе болса, сәуір айында 66,2 есеге артты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Сырдария ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Құралай Омарова мәлімдеді.

Мамандар коронавирустық инфекциясының тіркелуінің негізгі себептері тұрғындардың карантиндік шараларды сақтамауынан болып отырғанын айтады.

«Ауырғандардың ең жоғары деңгейі ересектер арасында тіркелді. Олар жалпы сырқаттанушылықтың 72 пайызын құрайды, балалар үлесі 23,7 пайызды және жасөспірімдер 4,5 пайызды құрады. Дене қызуыңыз көтеріліп, жөтел және тыныс алу қиындаған жағдайда медициналық көмекке жүгіну қажет. Ойын-сауық, отбасылық, салтанатты, естелік жиындарын өткізуді кейінге қалдыруларыңызды сұраймыз. Бұл індетті тек барлығымыз бірлесіп қана жеңетінімізді естен шығармайық», деді Құралай Сайранқызы.

«Спутник-V» вакцинасын салуға аудандық аурухана ғимаратынан 2 егу кабинеті жасақталды. Тасымалдануға қолайлы вакцинамен қамтамасыз етілген жағдайда барлық елді мекендерде егу кабинеттері мен жылжымалы егу бригадалары жұмыс жасауға дайын. Ауданға наурыз айынан бастап 4500 доза вакцина жеткізіліп, 4045 тұрғын екпе салдырды.

Соңғы жаңалықтар

Хэм ағай

Әдебиет • Кеше

Несие көрсеткіші артты

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар