Әлем • 06 Мамыр, 2021

Түркия туристерге коменданттық сағатты сақтамауға рұқсат берді

535 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда жүрген шетелдік саяхатшыларға коменданттық сағатты сақтамауға және төлқұжаты болса, ел ішінде жүруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия туристерге коменданттық сағатты сақтамауға рұқсат берді

Түркияның мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой шетелдік туристер тәулік бойы коменданттық сағаттан босатылғанын айтты. Енді олар төлқұжатымен бірге ел ішінде еркін жүре алады. Түркияда локдаун коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты 17 мамырға дейін жалғасады.

Қоғамдық көліктің 50 пайызы жұмыс істейді. Саяхатшылар тоғыз қаладағы негізгі мұражайлар мен тарихи орындарға, соның ішінде Ыстамбұл, Анталия, Мугла және Невшехирге (Кападокия) бара алады. Қазір қонақ үйлердегі дәмханалар мен мейрамханалар келушілерге қызмет көрсетіп жатыр, ал басқа тамақтану орындары тек жеткізу және алып кету үшін жұмыс істейді.