Аймақтар • 06 Мамыр, 2021

Алматы қаласында жер сілкінді

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 мамыр күні Алматы қаласының уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласында жер сілкінді

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан 199 шақырым қашықтықта тіркелген.

«6 мамыр күні Алматы уақытымен 13 сағат 07 минут 19 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 199 км жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Магнитудасы: MPV 5.2. Тереңдігі: 15 км», делінген хабарламада.