Теннис • 07 Мамыр, 2021

Бублик Карцевті қапы қалдырды

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Мадридте өтіп жатқан жүлде қоры 2 614 465 евроны құрайтын халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бублик Карцевті қапы қалдырды

1/8 финалда жерлесіміз әлемнің 27 ракеткасы, ресейлік Аслан Карцевпен кездесті. 1 сағат 15 минутке созылған бәсеке 6:4, 6:3 есебімен біздің жігіттің пайдасына шешілді. Енді ширек финалда ол норвегиялық Каспер Рууд және грекиялық Стефанос Циципас арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.  

Естеріңізге сала кетейік, Пирней түбегіндегі АТР турнирінің алғашқы айналымдарында Александр Бублик мажарстандық Мартон Фучович пен канадалық Денис Шаповаловты ұтқан еді.