Қазақстан • 11 Мамыр, 2021

Сенат ЕАЭО кедендік тарифтері туралы заң жобасын қарайды

205 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Парламенті Сенатының Бюро мүшелері Палатаның биылғы жылдың 13 мамырында өтетін отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенат ЕАЭО кедендік тарифтері туралы заң жобасын қарайды

Сенаторлар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайтын болды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік баждардың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдануда Армения Республикасына өтпелі кезеңді 1 жыл мерзімге ұзарту жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру үшін әзірленген болатын.

Отырыстың күн тәртібіне «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы да енгізілді. Құжат ЕАЭО бірыңғай кедендік тарифтерін толық имплементациялауға дейін кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолдануда Қырғызстан үшін өтпелі кезеңін ұзартуға бағытталған. Заң жобасында Қырғызстан аумағына үшінші елдерден әкелінетін кейбір тауарларға қатысты кедендік-тарифтік саланы реттеу қамтылған.

Бюро мүшелері сондай-ақ Мәжілістен келіп түскен бірқатар заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025