Елбасы • 11 Мамыр, 2021

Елбасы Түркістанға келді

1015 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға сапары барысында бірқатар нысандардың ашылуына қатысты. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президенттің киелі шаһарға сапары қазақ хандарына арналған мемориалдық кешеннің ашылуымен басталды, деп хабарлайды. Egemen.kz.

Елбасы Түркістанға келді

Кешенде иілген 21 қанат Түркістанда жерленген 21 ханды білдіреді. Есім ханнан Әликен ханға дейінгі бабаларымыздың есімдері мен басқарған жылдары да жазылған. Сондай-ақ осында Елбасы «Ұлы дала бірлігі» атты капсуланы салды. Оның ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі қасиетті жерлердің топырағы жиналған. Жобалау құны 1,9 млрд теңге болатын мемориалдық кешеннің  жалпы ауданы 0,85 гектарды құрайды. Жаңа нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Шеңбер тәріздес салынған пилондардағы граниттік тақтайшаларға қазақ даласын басқарған 21 ханның есімдерімен қатар олардың билік жүргізген жылдары да жазылған. Көне ғасыр мен жаңа дәуірді сабақтастыра түскен шаһарда үйлесімді үлгімен салынған жаңа  ғимараттар пайдаланылуға берілді.

Сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Этно-ауыл» кешенінің ашылуына қатысты.  «Этно-Ауыл» кешені қазақ даласының XVIII-XIX ғасырдағы өмірін бейнелейтін жоба саналады.  «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағы мен Ахмет Ясауи кесенесінің бекініс қабырғасы, этнографиялық мұражайдың ортасында орын тепкен. Интерактивті этноауылдың ауданы 16 мың шаршы метрді құрайды. Кесенеге келушілер қазақ халқының  бай мәдениетімен танысып, тіпті көне заттарды қолдарымен ұстай алады. Көшпенділер өркениетінен көрініс беретін этно-ауылдың аймағында қазақ даласындағы тұтас бір дәуір бейнеленген.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар