Аймақтар • 11 Мамыр, 2021

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы жол апатынан көз жұмды

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол апатынан 9-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде 9-сынып оқушысы жол апатынан көз жұмды

«Шалқар ауданы, Базой ауылының 15 жастағы тұрғыны «Иж Планета-5» маркалы мотоциклді айдаған. Ол басына арнайы баскиім кимеген. Базой ауылынан 3 шақырым ұзағанда рульге ие бола алмай аударылып, алған жарақатынан ауылдағы емхананада көз жұмды.

Балаға алдымен жол ережесін түсіндіріп, содан кейін ғана велосипед, мотороллер сатып алуыңыз керек. Бұл – ата-аналарға ескерту. Жүргізуші кез келген сәтте дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Ал кәмелет жасқа толмағандар мұны ескере бермейді»,  дейді облыстық Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.