Экономика • 12 Мамыр, 2021

Жыл басынан бері бюджетке 1,9 трлн теңге кіріс түсті – Қаржы министрі

19 рет көрсетілді

Осы жылғы 4 айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жыл басталғалы бері мемлекеттік бюджетке трансферттерді есепке алмағанда 3 трлн 217 млрд теңге көлемінде кіріс кірді немесе жоспар 117% атқарылды. Республикалық бюджетке 1,9 трлн сомасында кіріс түсті немесе жоспар 106,7% орындалды. Кірістер бойынша жоспар 120 млрд теңгеге, оның ішінде салық 88 млрд теңгеге асыра орындалды», дейді Ерлан Жамаубаев.

Оның айтуынша, асыра орындау негізінен импортқа салынатын қосылған құн салығы, мұнайға экспорттық кеден бажы және корпоративтік табыс салығы есебінен қамтамасыз етілді.

«Импортқа салынған қосымша құн салығы бойынша жоспардың асыра орындалуы біріншіден, өткен жылғы І тоқсанмен салыстырғанда үшінші елдермен импорт көлемінің 9,4% ұлғаюына байланысты болды. Бұл ретте ҚХА-дан импорт ағымдағы жылы І тоқсанда 47,4%-ға немесе 525 млн долларға, оның ішінде тек наурыз айында 2,2 есеге немесе 348 млн долларға артты. Еуразиялық эономикалық одақ елдерінен импортталған автокөлік құралдарының санының 24,3% ұлғаюына байланысты. Шикі мұнайға экспорттар кеден бажының мөлшерлемесінің ұлғаюына байланысты болды. Корпаритивтік табыс салығының асыра орындалуының негізгі себебі – пандемияның экономикаға кері әсер етуіне байланысты өткен жылдың салық бағасының төмен болуы», дейді ол.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы Лондонда тойланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 10:52

Алматыда жылу жүйесі жарылды

Аймақтар • Бүгін, 10:32

Парижде Абай бюсті ашылды

Руханият • Бүгін, 10:28

6 өңір «сары» аймақта тұр

Коронавирус • Бүгін, 09:43

Талантты жастар танылды

Өнер • Бүгін, 09:33

«Төрттік финалдан» тыс қалды

Футбол • Бүгін, 09:31

Құлпырған Қызбел

Аймақтар • Бүгін, 09:26

Отар ауылындағы оңды тірлік

Аймақтар • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар