Медицина • 12 Мамыр, 2021

Шұғыл желіге короновирусқа қатысты 700-ден астам қоңырау түскен

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Аман-Саулық» қоғамдық қоры COVID-19 пандемиясы кезеңінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінің өтініштерін қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желі» телефонын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шұғыл желіге короновирусқа қатысты 700-ден астам қоңырау түскен

Сәуір айында жедел желіге COVID-19-дан қалай және қайда емделуге болатындығы және вакцинациялауға қатысты сұрақтармен 700-ден астам адам хабарласса, оның 600-ден астамы қала, 60-ы Алматы облысының, ал қалғаны басқа өңірлер тұрғындарынан түскен.

Өтініш білдіргендердің арасында 137 адам вакцинациямен байланысты сұрақтар қойған.  Ауруханаға жатқызу, COVID-19-ды емдеу, оның белгілері, ауырып қалу күдігі 234 адамды алаңдатқан. Адамдар ауруханаға жете алмайтындығына, туыстарының қандай ауруханаға түскенін білмейтіндігіне, коронавирусқа күдік сезінгеніне шағымданса, сексеннен астам телефон соғушыны емханаларда немесе стационарда сапасыз медициналық қызмет көрсетілгені мазалаған.

«Келіп түскен қоңырауларды талдай отырып, өтініштердің 63,5%-ы коронавирустық инфекцияны емдеу, вакцинация мәселелерімен және стационарларда емделуге шағымдармен байланысты екенін көріп отырмыз. Адамдарда әлі күнге дейін коронавирустық инфекция болған жағдайда өзін қалай ұстау керек, қайда бару керек, ПТР тестілеуден өту туралы жеткілікті ақпарат жоқ. Осы проблемалар мен сұрақтар блогына вакцинация сұрақтары да қосылды. Жұртшылықта вакциналардың тиімділігі, вакциналарға реакция туралы толық ақпарат жоқ. Сауатты ақпараттық саясат құру мәселесі әлі де өзекті болып отыр», дейді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.

Осы жылдың 1 наурызынан бастап қосылған телефон желісі тәулік бойы, демалыссыз және мерекелерсіз жұмыс істейді. Жоба Сорос - Қазақстан қорының гранты есебінен жүзеге асырылуда. Науқастар, сондай-ақ медициналық мекемелердің қызметкерлері медициналық көмек, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, консультациялық көмек және т. б. алумен туындаған проблемаларды шешу үшін шұғыл желіге жүгіне алады. Тәулік бойы жұмыс істейтін «шұғыл желіге» +7 727 221 85 05 телефоны арқылы хабарласуға болады.