Оқиға • 12 Мамыр, 2021

Құқығы жоқ болса да көлік басқарған

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер көлік жүргізу құқығы жоқ болса да көлік тізгіндеген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құқығы жоқ болса да көлік басқарған

Арал ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін жеңіл автокөлікті тоқтатады. Көлік руліндегі азаматтың мас екендігі анықталды. Тіпті ол 2019 жылдың 16 қаңтарында  көлік құралын жүргізу құқығынан 5 жылға айырылған екен

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айып алаңына қойылып, заңға бағынбаған жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына  қамалды.