Ауа райы • 12 Мамыр, 2021

Қазгидромет ультракүлгін радиацияның болжамын шығарды

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері ултракүлгін сәулелердің болжамын шығарады деп хабарлайды, Egemen.kz.

Қазгидромет ультракүлгін радиацияның болжамын шығарды

Күн радиациясына көрінетін жарық, жылу энергиясы және ультракүлгін сәулелер кіреді. Әрқайсымыз күннің ультракүлгін сәулелерінің әсеріне ұшыраймыз.

УК-индекс халыққа күннен қорғайтын құралдарды қолдану қажеттілігі туралы ескертудің маңызды құралы болып табылады. Ол үшін жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін «Қазгидромет» РМК www.kazhydromet.kz сайтында ультракүлгін радиацияның индексін болжаудың апта сайынғы бюллетенін шығарады.

Бюллетеньде ультракүлгін сәулеленудің деңгейлері және алдағы аптаға УК-индексінің болжамды мәндері ұсынылады.

Мысалы, УК индексінің мәні 2-ден төмен болса, денсаулыққа қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді зиян келтіру қаупі аз болады. Индекстің орташа, жоғары мәндерінде күннен қорғаудың барлық әдістерін қолдану ұсынылады, яғни дұрыс киім, көзілдірік, крем, күннен қорғайтын заттар және т.б.

УК-индексінің болжамдық мәндері Нидерландыдағы «Royal» метеорологиялық институтының моделі бойынша есептелген.