Оқиға • 12 Мамыр, 2021

Павлодарда көлік қағып кеткен оқушының жағдайы ауыр

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда «Газель» қағып кеткен қыздың жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда көлік қағып кеткен оқушының жағдайы ауыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2010 жылы туған  қызды көлік қағып кеткен. Оны жақын маңдағы куәгерлердің бірі облыстық балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне жеткізген.

«Сол жақ аяғының табаны ауыр жараланған. 1-ші бақайдың негізгі фалангасының c / 3 деңгейінде башпайлардың травматикалық бөлінуі, сонымен қатар башпайлардың 2, 3, 4, 5 проксималды-орта фалангалары деңгейінде травматикалық бөлінуі анықталды», деді басқармадан.

Дәрігерлер баланың жағдайын қаңқа жарақаты мен жарақаттық шок салдарынан ауыр деп бағалайды. Барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралар қолданылуда.