Аймақтар • 12 Мамыр, 2021

Алматыда ШҚО-дан келген пәтер ұрыларының тобы ұсталды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Шығыс Қазақстан облысынан келген пәтер ұрыларының тобы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда ШҚО-дан келген пәтер ұрыларының тобы ұсталды

Қала аумағында қылмыстық кәсіппен айналысуға келген 25 және 32 жастағы екі ер адам ұсталды.

«Бұрын меншікке қарсы қылмыс жасағаны үшін сотталған екі азамат та қаланың жоғарғы бөлігінде пәтер ұрлығымен айналысқан. Олар жұптасып, үйлесімді және байқатпай әрекет еткен. Пәтерлердің есіктерін кілт таңдау арқылы ашып, тек құнды заттарды ұрлаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер К. және А. есімді азаматтар біздің бөлімнің қызметкерлерімен және Бостандық аудандық ПБ әріптестерінің көмегімен ұсталды.

Қазіргі уақытта ұсталғандар ПД УҰИ-на қамалды. Оларға ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.