Спорт • 12 Мамыр, 2021

Власов үздіктер қатарында

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Италия тасжолдарында велоспорттан дәстүрлі «Джиро д’Италия» көпкүндігі өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы үш кезеңінің қорытындысы бойынша Astana – Premier Tech командасының ең үздік нәтижесі Александр Власовқа тиесілі.

Власов үздіктер қатарында

Биелле қаласынан басталған айтулы жарыстың үшінші кезеңі Канале қаласында мәреге жетті. 190 шақырымға созылған қашықтықты ең бірінші болып пелотоннан суырылып шыққан 27 жастағы Intermarche-Wanty-Gobert Materiaux командасының өкілі нидерландтық Тако ван дер Хорн бағындырды. Ол бұл аралықты 4 сағат 21минут 29 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды жеңімпаздан төрт секундқа қалып қойған италиялық Давиде Кимолаи (Israel Start-Up Nation) мен словакиялық Петер Саган (Bora-hansgrohe) иеленді. Astana – Premier Tech сапынан бұл кезеңде италиялық Фабио Феллин үздік болды. Фабио мәре сызығын 17-ші болып кесті.

Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жалпы есепте INEOS Grenadiers ко­ман­дасының велошабандозы Филиппо Ган­на 8 сағат 51 минут 26 секунд уақыт көрсеткішімен көш бастап тұр. Кейінгі орын­дарға Jumbo – Visma өкілі Тобиас Свендсен (16 секунд) және Deceuninck – Quick Step спортшысы Ремко Эвенепоэль (20 секунд) жайғасқан. Ал Ганнадан 27 секундқа кейін тұрған Александр Власов 7-орында келеді.