Теннис • 12 Мамыр, 2021

Мысыр мен Тунисте топ жарды

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші қыздар Гөзал Айнитдинова мен Жібек Құламбаева жұптық сында Мысыр мен Тунисте өт­кен ITF турнирлерінде жеңімпаз атанды.

Мысыр мен Тунисте топ жарды

Қазақстан теннис федерациясының мәліметі бойынша, Айнитдинова Беларусь өкілі Анна Кубаревамен бірге Тунистегі жарыста үздік шықты. Қазақстандық-бела­русьтық жұп финалда осы доданың бірінші ракеткалары, ұлыбританиялық Сара Бет Грэй мен америкалық Даша Ивановадан 7:5, 6:2 есебімен айласын асырды. Бұл – Г.Айнитдинованың ITF турнирлеріндегі алтын­шы жеңісі. Соның екеуінде жекелей, төртеуінде жұптық сында чемпион атанды.

Ал Жібек Құламбаева румыниялық Оана Гавриламен бірге Мысыр астанасы – Каирде өткен халықаралық жарыстың бас жүлдесін олжалады. Финалдық бәсекеде мысырлық Ясмин Эззат – америкалық Клерви Нгоноу­нимен бақ сынаған Құламбаева мен Гав­рила қарсыластарына еш мүмкіндік қалдыр­май, 6:4, 6:0 есебімен басым түсті. Бұл – Ж.Құ­лам­баеваның ITF додаларындағы тоғы­зыншы титулы. Соның сегізінде ол жұп­тық сында, біреуінде жекелей сайыста жеңіске жеткен.