Үкімет • 12 Мамыр, 2021

Қазақстан елшісі Еуропалық комиссияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Еуропалық комиссияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан елшісі Еуропалық комиссияның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Рәсімінен кейін орын алған екіжақты кездесудің барысында отандық дипломат Еурокомиссия басшысына Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемдемесі мен ізгі тілектерін жеткізді. Тараптар Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, жоғары деңгейдегі саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ COVID-19 пандемиясының салдарымен күрес мәселелері қозғалды.

М. Баймұхан У. фон дер Ляйенді Қазақстан Үкіметінің коронавируспен күрес жөніндегі шаралары, атап айтқанда халықты вакцинациялау барысы және қазақстандық ғалымдар жасаған «QazVac» вакцинасы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Елші Еуропалық дәрілік заттар агенттігімен ынтымақтастық орнатылып жатқанын атап өтті. Еурокомиссия Президенті бұл жаңалықты үлкен қанағаттанушылықпен қабылдады.