Аймақтар • 13 Мамыр, 2021

Жылқы қиынан қағаз шығарды

539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Адия Ағеділова мен Әсем Амангелдина жасаған жылқы қиынан қағаз алу жобасы халықаралық INSPO ғылыми жобалар байқауында ІІІ орынға ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылқы қиынан қағаз шығарды

Бұл жарысты 2007 жылдан бері Түркия мемлекеті ұйым­дас­тырып келеді. Оралдық жас зерттеушілер табиғи қор­ды сақтау, қалдықты қайта өң­деу мақсатында жылқы кө­ңінен қағаз алу жолын ұсын­ды. Жас ғалымдар жыл­қы көңінің негізінен ағаш құрамында кездесетін целлюлозадан тұратынына назар аударған. Бұл бағалы және сұранысқа ие материалдарды синтездеу үшін жануардың қиы, қажетті ағаш массасын бөліп алу үшін бірнеше химиялық зат қана керек екен.

Авторлардың айтуынша, қала тұрғындары арасын­да сауалнама жүргізіліп, жо­ба­ның теориялық және экс­пе­рименттік бағыты тал­данған.

Зерттеу жұмысы қазылар алқасы мүшелерінің ерекше қызығушылығын тудырған. Өйткені бұл жоба қағаз жасау технологиясы, оның орман қорына әсері, балама­лы шикізатты қолдану мүм­кіндігі және қағазды үнем­деу мәселелері туралы бі­лім­ді біріктіреді. Осыған орай байқаудың қазылар ал­­қасы Әдия мен Әсемге арнайы сыйлық – MILSET халықаралық іс-шарасына шақыру берген.

– Қағаз үлгілерін алуда механикалық әдістер қол­данылды, сондықтан ар­­найы қағазды бастыру құрал­дары мен желім, қос­паның көмегімен сапасын әлі де жақсартуға болады. Ал мына үлгінің сапасы майлық пен дәретхана қағаздары си­пат­тамалары бойынша қана­ғаттанарлық,– дейді Әдия.

Алдағы уақытты жыл­қы көңінен қағазды алу ке­зеңдерінде толықтыр­ғыш­тар, желімдер арқылы оның қасиеттерін жақсарту, жыр­тылуға төзімділігі, ыл­ғалды ортада ісінуі, опти­калық қа­сиеттерін стандартты сынамалар арқылы тексеруді көздеп отыр. Сонымен қатар жылқы көңінен алынған целлюлозаны ыдырату арқылы биогаз алу жолын зерттеу және оның экономикалық есебін шығару да алдағы күннің еншісінде.

 

Батыс Қазақстан облысы