Парламент • 13 Мамыр, 2021

Мәулен Әшімбаев: Қайырымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Ораза айт мерекесіне орай фейсбук әлеуметтік желісінде қазақстандықтарды құттықтап, жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Қайырымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам

«Баршаңызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл – адамзатты береке-бірлікке шақыратын және қайырымдылық пен қарапайымдылықты дәріптейтін қастерлі мейрам. Дәл осы күндері мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық таныту игі дәстүрге айналды. Мұндай ізгі амалдар елдің ынтымағын арттыра түсетіні сөзсіз. Әсіресе, қазіргідей күрделі кезеңде оның маңызы аса зор. Сондықтан айт мерекесін имандылықпен бірге адамгершіліктің де өзегі деп қабылдаймыз.

Сіздерді айтулы мейраммен құттықтай отырып, Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын деп тілеймін. Әр шаңырақ шаттыққа кенеліп, Отанымыз өркендей берсін. Оразадан оразаға аман-есен жете берейік.

Айт мүбәрак болсын!», деп жазды Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35