Өнер • 13 Мамыр, 2021

Студенттердің сөз сайысы

532 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 25 жылдығына орай «Ең бірінші бақытым...» атты республикалық студенттер айтысы өтті. Айтулы дәстүрге айналған жыр додасына 10 ақын қатысып, сөз сайысының көрігін қыздырды.

Студенттердің сөз сайысы

Айтысты аталған жоғары оқу орнының Телерадио және қоғам­мен байланыс кафедрасының мең­герушісі, ақын Серікзат Дүйсенғазин жүргізіп отырды.

Ауыздығымен алысқан жас жүй­рік­тердің өнерін Аманжол Әлтай, Дәу­леткерей Кәпұлы, Иранғайып Күзем­баев, Еркебұлан Қайназаров секілді елімізге танымал айтыскер­лер­мен бірге университеттің кәсіп­одақ ұйымының төрағасы Мақсат Аралханов сарапқа салды.

Төрт сағатқа созылған дүбірлі дода тартысқа толы болды. Жас ақын­дар еліміздің өткені мен ке­ле­шегін, мұңы мен қуанышын көр­кем сөзбен өрнектеді. Қазақы қал­жыңның да түбін түсірді.

Сонымен еліміздің әр өңіріндегі жоғары оқу орындарының үкілеп жіберген ақындары жиналған бәйгеде бас жүлдені − Қорқыт ата атында­ғы Қызылорда университетінің студен­ті Бексұлтан Орынбасаров жеңіп алды. Бірінші орынды Қазақ ұлт­тық өнер университетінің студенті Төре­хан Совет иеленсе, екінші орын − Х.Дос­мұхамедов атындағы Аты­рау уни­верситетінің студенті Фа­риза Жет­пісбаеваға бұйырды. Үшін­ші орын­ды Қазақ ұлттық өнер уни­вер­ситетінің студенті Мұхит Баба­құл қанағат тұтты.

Сондай-ақ қатысушыларға жү­лдеден бөлек, елорданың рухани ортасына айналған Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия университетінде қыз­мет істеп, шәкірт тәрбиелеген, бүгінде арамызда жоқ, халқымыздың ардақты азаматтары атынан алты аталым тағайындалды. Айталық, Рымғали Нұрғали атындағы арнайы жүлде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік уни­верситетінің студенті Ардақ Орын­бекке берілсе, Дүрәлі Дүй­себай атындағы жүлдені М.Өте­місов атындағы Батыс Қазақстан уни­вер­ситетінің студенті Әділ Ах­метов алды. Мырзатай Серғалиев атын­­дағы жүлдені Павлодар пе­да­гогикалық университетінің сту­денті Жұмәлі Мизам иеленсе, Нәу­бат Қалиев атындағы жүл­деге Л.Н.Гуми­лев атындағы Еура­­зия ұлттық уни­верситетінің сту­­денті Мұхтар Ұлғас­баев ла­йық­ты деп танылды. Ақселеу Сей­дім­бек атындағы жүлде Е.А.Бөке­тов атын­дағы Қарағанды мемлекеттік уни­вер­ситетінің студенті Жандос Бақыт­­ұлына бұйырса, Мырзагелді Кемел атындағы жүлде Л.Н.Гуми­лев атын­­­дағы Еуразия ұлттық уни­­вер­­си­те­тінің студенті Ерасыл Бай­мен­­таевке табыс етілді.

Сонымен қатар айтысқа қолдау көрсеткен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы барлық жас ақынды ба­ғалы сыйлықпен марапаттады.