Ұлттық құраманың бас бапкері Ғалым Кенжебаев Олимпиада алдындағы соңғы ірі жарыста Токиода ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлерін сынақтан өткізіп алуды жөн санаған екен. Атап айтар болсақ, Дубай шаршы алаңдарында Қазақстан құрамасынан былтырғы Қазақстан чемпиондары Даниял Сәбит (49 кг) пен Сабырхан Махмұд (56 кг) және Олимпиада жолдамасының иегерлері Сәкен Бибосынов (52 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Зәкір Сафиуллин (64 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Әбілхан Аманқұл (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (81 кг), Василий Левит (91 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг) өнер көрсетеді.
2019 жылы Таиландта өткен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс, үш қола медаль жеңіп алған болатын.