Теннис • 13 Мамыр, 2021

Бартимен шеберлік байқасты

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италияның бас шаһары – Римде өтіп жатқан теннистен халықаралық WTA 1000 турнирінің алғашқы айналымында жігерлі жеңіске қол жеткізген Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова жарыстың келесі айналымына жолдама алған еді.

Бартимен шеберлік байқасты

Дүниежүзілік рейтингте 665-орында тұрған Я.Шведова бастапқы кездесуін әлемнің 97-ракеткасы, италиялық Мартина Тре­визанмен өткізді. Бірінші партияда М.Тре­визан отандасымызға бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Есесіне екінші сет­те Я.Шведова тай-брейкте 7:6 (7:4) есе қайтарды. Шешуші үшінші партияда қазақстандық теннисші тағы да тай-брейк жасап, корт қожайынынан жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6). Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды. Шве­дова екінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, жерлесіміз 6:1, 6:4 есебімен жеңілуге мәжбүр болды.

Ал аталған турнирде бақ сынаған Алек­сандр Бублик пен Юлия Путинцева бірінші айналымда-ақ сүрінген еді. Бублик хорва­тиялық Марин Чиличтен жеңілсе, Путинцева аме­рикалық Кори Гауфке есе жіберді. Сон­дай-ақ Михаил Кукушкин іріктеу сынынан өте алмаған болатын.