Аймақтар • 13 Мамыр, 2021

«Алматы-Өскемен» пойызына жолаушылар тасымалдауға тыйым салынды

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 13 мамырдан бастап Өскемен және Ново-Өскемен станцияларында №351/352 «Алматы – Өскемен» пойызының жолаушыларын отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Алматы-Өскемен» пойызына жолаушылар тасымалдауға тыйым салынды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ, ҚР ИИДМ және ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс бойынша коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2021 жылғы 13 мамыр түн ортасынан бастап күшін жойғанға дейін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуға, Өскемен және Ново-Өскемен стансалары бойынша «Алматы-Өскемен» бағытындағы №351/352 жолаушылар пойызына жолаушыларды отырғызуға және түсіруге уақытша тыйым салынады», делінген құзырлы мекеме хабарламасында.

Одан өзге, компания жолаушылар сатып алынған билеттерді және тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімде темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдеріне төленген қаражатын ұстап қалмай, толық көлемде қайтарып ала алатындығын айтты.

Жолаушылар пойызының жүру тәртібі туралы барлық анықтамалық ақпаратты «105» нөмірі арқылы білуге болады.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35