124 генералдың ашық хатында олар АҚШ президентінің психикалық және физикалық жағдайына күмән келтірген.
Отставкадағы полковник Джеффри Маккосландтың айтуынша, бұл айыптаулар президент сайлауының нәтижелерін қайта қарауға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан мұндай «антидемократиялық науқанға» қатысу тым қауіпті екенін жеткізді. Ол, сондай-ақ, билік өкілдерінің кезекті әрекеті «әлемдегі демократиялық елдердің бірі – АҚШ» деген пікірге керағар келеді деп санайды.
Полковник The Huffing Post газетіне берген сұхбатында ішінара болып жатқан әскери-азаматтық қақтығыстар ел демократиясына айтарлықтай қауіп төндіретінін баса айтты. Ал бұрынғы теңіз барлаушысы Алекс Мак Кой да полковниктің пікіріне қолдау білдіріп, отставкадағы генералдардың шешіміне уәжін айтты.
«Тарих беттерінде олардың ерлікпен күрескенін білеміз. Алайда бұл әрекеттері – сорақылық. Бұл – конституция заңдарын сыйламау, еліңді сату», дейді теңіз барлаушысы.
Осы орайда, Жоғарғы Сот пен ФБР өкілдері былтыр өткен президенттік сайлау кезінде бұрынғы президент Дональд Трамптың сайлау нәтижесіне қарсылық танытқаны туралы сөздерімен сәйкесетінін алға тартады.
Еске сала кетейік, былтыр 3 қарашада АҚШ-та кезекті президент сайлауы өтті. Ал 7 қаңтарда АҚШ Конгресі демократ Джо Байденнің жеңісін мақұлдап, ол 46-шы мемлекет басшысы болды.