Қазақстан • 13 Мамыр, 2021

Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

541 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3,8 миллионнан астамды құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 3,8 млн жеңіл көлік тіркелген

2021 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстан Республикасында 224 421 жеңіл автомобиль тіркелді. Бұл, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5% көп.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, елімізде тіркелген жеңіл көлік саны 3849,9 мың бірлікті құрады. Сондай -ақ статистика мәліметіне сәйкес, биылғы қаңтар-наурыз аралығында 2621 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3968 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,3% азайды.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, көлік құралдары иелеріне сақтандыру ұйымдары 8,8 млрд теңге сомасына 19 627 сақтандыру төлемін жасады.