«Солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте – тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал», делінген хабарламада.
Түркістан облысында шаңды дауыл соғады, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында да күндіз жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.
Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.
Қызылорда облысының және Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады