Оқиға • 14 Мамыр, 2021

Атырау тұрғыны анасын ұрғаны үшін қамауға алынды

4220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 46 жастағы ер адам ішкілікке салынып, анасына қол көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау тұрғыны анасын ұрғаны үшін қамауға алынды

«Егде жастағы әйелден «102» операторына баласының мас күйінде отбасылық жанжал шығарғаны туралы хабар түсті. Ішкілікке салынған ер адам үйінің терезесін сындырып, анасын ұрып-соққан. Ішімдік ішуін тоқтатпаған баласы анасымен бірнеше рет жанжалдасқан. Анасына психологиялық және физикалық жәбір көрсеткен», деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Учаскелік полиция инспекторы анасын ұрған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 73-бабы, 2-бөлігімен (Ұрып соғу) әкімшілік хаттама толтырды. Ал, мамандандырылған қалалық сот 46 жастағы азаматты 10 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.