Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Батыс Қазақстанда киіктер өліп жатыр

690 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 400-ге жуық киіктің өлігі табылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс Қазақстанда киіктер өліп жатыр

Еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметінше, киіктердің өлімі найзағайдан болуы мүмкін. Қазір тексеру жүргізілуде.

Оқыс оқиға Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты Тау ауылдық округінде болған. Өлген киіктерді алдымен көрген жергілікті тұрғындар өлген ақбөкендердің бейнежазбасын әлеуметтік желіге таратқан. Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Қайрат Қадешев осындай оқиғаның болғанын растап отыр.

«Біздің инспекторлар оқиға болған жерге барды. Өлген ақбөкендердің денесінде тіліп-кесіп өткен іздер байқалды.Жергілікті халықтың айтуынша, осы маңда жақында найзағайлы жауын болған. Киіктің өлімі осы найзағайдан болуы мүмкін деген болжам бар. Қазір қосымша сынамалар алынып, зерттеуге жіберілді. Нақты нәтижесі кейін белгілі болады. Әзірге 372 бас киіктің өлігі табылды», деген Қайрат Қадешев.