Спорт • 14 Мамыр, 2021

Қазақстандық таеквондошылар Египетте оқу-жаттығу өткізуде

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық таеквондошылар Египетте оқу-жаттығу жиындарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан таеквондо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық таеквондошылар Египетте оқу-жаттығу өткізуде

Оқу жаттығу-жиындары Египеттің Шарм-эль Шейх қаласында өтіп жатыр.

Бірлескен жаттығу жиынына Қазақстан құрамасынан 12 спортшы және екі жаттықтырушы қатысуға шақырту алған. 

Аталған жаттығу жиынының мақсаты – екі құрама спортшыларының тәжірибе алмасып, шеберліктерін шыңдау. 

Айта кетейік, қос құрама арасындағы біріккен жиын 16 мамырға дейін жалғасады.