Фотогалерея • 14 Мамыр, 2021

Киіктердің төлдеу кезеңі басталды

1618 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда киіктердің төлдеу кезеңі басталды. Бұл мамыр айының соңына дейін жалғасады.

Киіктердің төлдеу кезеңі басталды

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР Egemen Qazaqstan

Осыған орай киіктер жиналатын және қоныс аударатын жерлерде мамыр айының басынан бастап төлдеу үшін қауіпсіз жағдай жасалып, күшейтілген рейдтер жүргізілуде. Киіктер еліміздің 10 облысын мекендейді.
з

Бұл ретте, бірлескен бұйрық негізінде табиғатты қорғау құрылымдарының қатысуымен кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы өткізілуде. Акция шеңберінде киіктер шоғырланған мекендерге және төлдейтін учаскелеріне блок-бекеттер қойылып, қорғау іс-шаралары күшейтілді.

б

Оған Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК 200-ден астам инспекторы жұмылдырылған.

бб

Айта кету керек, киіктердің дүниежүзілік популяциясының 90 пайыздан астамы Қазақстанда мекендейді. Мұнда Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді ақбөкеннің үш популяциясы бар.

5

01

й

в

в

аа

х

05

02