Әлем • 14 Мамыр, 2021

Вакцинаның толық курсын алғандарға маска кию міндетті емес

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның толық курсын алған азаматтардың құқықтары едәуір кеңейтілді. Билік науқастарды бақылау және алдын алу орталығының жаңа ұсыныстарын басшылыққа алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Вакцинаның толық курсын алғандарға маска кию міндетті емес

Сарапшылар ашық ауада және жабық үй-жайларда екпенің екі компонентін салдырғандар үшін міндетті түрде маска кию және қашықтықты сақтау талаптарын алып тастаудың орынды екенін мәлімдеді. Бұл тізімге қоғамдық көлік, вокзалдар мен әуежайлар қосылмайды.

Грекияда бүгіннен бастап эпидемияға қарсы енгізілген шектеулер жеңілдетілді. Атап айтқанда, ел ішіндегі сапарларға тыйым салулар алынып тасталды, музейлер жұмысын қайта бастады. Сонымен қатар тұрғындарға енді үйден шығу туралы SMS арқылы билікке хабарлаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге Грекияға су және әуе көліктері арқылы кіретіндер әлі де вакцинация туралы анықтаманы немесе коронавирусты тексеру тестінің теріс нәтижесін ұсынуы керек.

Молекулалық биология салысының жетекші ғалымдары мен иммунологтар БҰҰ мен Қытайды SARS-CoV-2 коронавирусының шығу тегі туралы қайта тергеуді ұйымдастыруға шақырды. Ғалымдардың пікірінше, Қытайда ДДҰ мамандары жүргізген тергеу жаңа вирустың зертханалық немесе табиғи шығу тегі туралы нақты дәлелдер бере алған жоқ. Сонымен қатар алғашқы гипотезаға жеткілікті көңіл бөлінбеді дейді ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше