Қазақстан • 14 Мамыр, 2021

Нұр-Сұлтан-Үшарал бағытына күнделікті ұшақ қатынайтын болады

517 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді Алматы облысының Алакөл жағалуына Нұр-Сұлтаннан күнделікті ұшақ қатынайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтан-Үшарал бағытына күнделікті ұшақ қатынайтын болады

Бүгін Нұр-Сұлтаннан бет алған 80 орындық «Bombardier DASH 8 Q400» ұшағы Алматы облысы, Үшарал қаласының әуежайына қонды. Әзірге бұл бағыт бойынша ұшақ аптасына төрт рет қатынайды.

Қазіргі таңда Үшарал әуежайында жұмыс жандануда.

Айта кетейік, «Алматы – Үшарал – Алматы» (күнделікті), «Нұр-Сұлтан – Үшарал – Нұр-Сұлтан» (аптасына төрт рет) және «Талдықорған – Үшарал – Талдықорған» (күнделікті) бағыттары бойынша әуе кемесі жолаушыларды тасымалдайды.

Ал 1 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан- Үшарал – Нұр-Сұлтан» ұшағы күнделікті қатынайтын болады. Билет құны республикалық және облыстық бюджеттен субсидияланғандықтан, жолаушылар үшін тиімді болады. Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Үшаралға билет бағасы – 16 мың теңге, Алматыдан – 15 мың, ал Талдықорған қаласынан 8 мың теңге тұрады.

«Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлы сапары үшін барлық жұмыс атқарылуда. Біздің қызметкерлердің барлығы біліктілігін арттырып, арнайы сертификаттарын алды. Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталатын болады», деді «Жетісу» авиакомпаниясының президенті Қалмұхамет Дөнсебаев.