Аймақтар • 14 Мамыр, 2021

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 55 адамға сот үкімі шықты

55 адам «Тәртіпсіздік ұйымдастыру және қатысу» және «Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану» баптары бойынша айыпталған.

Қарағанды облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Кенжебай Ысқақбаев бүгін сот үкімін жария етті.

Үкімге сәйкес, 9 сотталушыға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оны олар орташа және төтенше қауіпсіз ҚАЖ мекемесінде өтейді. Сот 44 сотталушыны төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Тағы екеуін шартты түрде бір жарым жылға соттады. Белгілі болғандай, сотталғандар жергілікті полиция бөлімі мен педофилдің көршілеріне келген материалдық залалды өтеген.

Тәртіп сақшыларының автокөліктеріне келтірілген залал 26 миллион теңгені құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 23 шілдесінде Сәтбаев қаласында 5 жасар бала жоғалып кеткен болатын. Қыз бала 62 жастағы күдіктінің пәтерінен табылды.

Баланың ұрланғаны жайлы жаңалықты естіген ондаған қала тұрғыны күдіктінің үйіне барып, оны өз бетінше жазаламақ болған. Салдарынан қалада жаппай тәртіпсіздіктер орын алды.