Қоғам • 14 Мамыр, 2021

Ақтөбеде жыл басынан бері 70-ке жуық жол апаты тіркелді

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жыл басынан бері 67 жол-көлік оқиғасы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде жыл басынан бері 70-ке жуық жол апаты тіркелді

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, биыл жыл басынан бері 67 жол-көлік оқиғасы тіркелген. (2020 жылы 65 жол-көлік оқиғасы). Жол-көлік оқиғасының басым бөлігі елді мекендерде, республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда болады.

«Ақтөбе облысының аумағында 1-10 мамыр аралығында адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының 28 фактісі анықталып, нәтижесінде 34 адам қаза тапты. Бір жол-көлік оқиғасы Арынов көшесінде болды.

Үш ай бұрын жүргізуші куәлігін алған 18 жастағы жүргізуші жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей, жолдың жүріс бөлігінен реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып кетті, нәтижесінде олар көз жұмды, үш бала жетім қалды.

Отбасылық жұп төртінші баласының жарық дүниеге келуін күткен екен. Бұл жағдайдан көлік жүргізушілерінің метеорологиялық және жол жағдайларын ескермейтіндігін, жылдамдық режимін сақтамайтындығын, қарама-қарсы қозғалыс жолақтарына шығып, басып озу маневрін жасайтындығын, жаяу жүргіншілерге жол бермей, қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбейтіндігін көрсетеді. Нәтижесінде, жауапсыздық салдарынан қайғылы жағдайлар орын алып жатады», дейді облыстық Полиция департаментінің өкілдері.

Осыған байланысты Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жолдарда мұқият болуды сұрайды, өйткені ойланбай істеген әрекеттің арты жазатайым оқиғаға әкеліп соқтырады.