Елбасы • 14 Мамыр, 2021

Елбасы Алтай Көлгіновты қабылдады

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл елордада 16 мектеп салынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елбасы Алтай Көлгіновты қабылдады

Кездесуде Елбасыға елорданың экономикалық дамуы, қаланы газдандыру үдерісі, тұрғын үй мен әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы, сондай-ақ қоғамдық жерлерді абаттандыру туралы ақпарат берілді.

«Қолжетімді баспана салу көлемі жыл санап артып келеді. Биыл 10 мыңға жуық пәтер тапсыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 42 мың оқушыға арналған 16 мектеп салынады», деді А.Көлгінов.

Сонымен бірге қала әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың «жасыл белдеуін» дамыту жоспары, қала аумағы мен саябақтарды көгалдандыру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше