Қоғам • 15 Мамыр, 2021

Павлодар облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды

625 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 15 мамыры мен 15 маусымы аралығында  өңірде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық және облыстық кезеңі  өтеді, деп хабарлайды  Egemen.kz

Павлодар облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы басталды

Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының   мәліметі бойынша,   ұлттық байқаудың аймақтық кезеңі  конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.  

– Конкурсқа қатысуға  еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі. Облыстық кезеңнің жеңімпаз отбасыларына «Мерейлі отбасы» лауреаты атағы, атап айтқанда, диплом және айрықша белгі (статуэтка), беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтармен марапатталады, – деп жазылған хабарламада.


Конкурсты өткізудің мақсаттары:

  • отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту,   ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершілікті арттыру;
  • ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
  • отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;
  • қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.


Естеріңізге сала кетейік, «Мерейлі отбасы» байқауы Қазақстанда 2014 жылдан бастап өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты – адамгершілік құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды  көрінісін қалыптастыру.