Аймақтар • 15 Мамыр, 2021

Талдықорғандық полицейлерге пікір жазғаны үшін 20 тәулікке қамалды

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы орталығының тұрғыны полицейлерге жала жапқаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талдықорғандық полицейлерге пікір жазғаны үшін 20 тәулікке қамалды

13 мамырда Талдықорған қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты желіде «Taldykorgan-Police» парақшасында патрульдік полиция қызметкерлеріне ашық жала жауып, олардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтер таратқан 48 жастағы «hudojnik tdk» парақшасының иесі, Талдықорған тұрғынын 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы қаулы шығарды.

«2021 жылдың 27 сәуірінде ЖБО-дан патрульдік полицейлерге Талдықорған қаласында кәмелетке толмаған бала Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы ақпаратты тексеру туралы нұсқау келіп түсті. Ақпарат расталып, көлік иесі ұсталды. Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған құқықбұзушының кім екенін анықтап, көлікті айып тұрағына қойды. Әкімшілік хаттама толтырып, ұсталған бала ата-анасына табысталды. Алайда, бұл дерек туралы оқығаннан кейін, сот кінәлі деп таныған ер адам құқық қорғау органдарына жала жауып, көпшілік алдында өзінің теріс көзқарасын білдірді», дейді полицейлер.

Мұны мониторинг барысында анықтаған полицейлер материал жинап, ҚР ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама рәсімдеп, сотқа жіберді.