Қоғам • 16 Мамыр, 2021

Әсел Айтпаеваның ісі бойынша оның туысы ұсталды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісі бойынша оның туысы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Әсел Айтпаеваның ісі бойынша оның туысы ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан бойжеткеннің ата-анасының арызы бойынша күдіктіні ұстады.

М. Мейірбековке қатысты Қылмыстық кодекстің 128-бабы – адам саудасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Мейірбеков полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша изоляторға қамалған.

Істің мән-жайын анықтайтын жан-жақты тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі 5 мамыр күні Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезесінің астынан табылған еді. Ол 9-қабаттан құлап мерт болған.

Кейіннен Грузия прокуратурасы қазақстандық қызды зорлау және өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу ісі бойынша айыптау шығарды.

Хабарламада «күдікті қызды зорлап, артынан өлтіремін деп қорқытқан» делінген. Ауыр күйзеліске түскен азаматша өз-өзіне қол жұмсаған.

Күдікті 6 мамырда ұсталды.