Аймақтар • 16 Мамыр, 2021

Риддер қаласында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметов Instagram-дағы парақшасында бүгін жұмыс сапарымен Риддер қаласына барып, құрылыс алаңында болғанын және мердігер ұйымдардың басшыларымен кездескенін жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Риддер қаласында жаңа шағын ауданның құрылысы басталды

«Барлық компанияларға ұсынған жақсы жобалық шешімдері, сондай-ақ құрылысты уақтылы және тиімді бастағаны үшін алғыс айтқым келеді. Олардың әрқайсысы алдарында тұрған жоғары әлеуметтік жауапкершілікті сезінетіндеріне және өңіріміз үшін маңызды миссияны нақты жүзеге асыруға барлық күш-жігері мен кәсіби тәжірибелерін жұмсайтындарына сенімдімін. Халыққа берілген уәденің бәрі орындалады. Бұл жұмыс ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ерекше бақылауында екенін атап өткім келеді. Тұрғындар күзге дейін тұрмысын орнықтыру үшін үйлердің құрылыс мерзімін қысқартуға тырысамыз», деді өңір басшысы.1

Сондай-ақ Даниал Ахметов мұнда үлкен, сапалы үйлері мен кең, жарық көшелері бар бар әдемі және заманауи шағын аудан пайда болатынын жеткізді.

«Келесі аптада келісім жасалғаннан кейін жол төсемінің негізін дайындау жұмыстарына кіріседі. Үйлермен қатар бірден жол салып, жарықтандыру жүргізіп, аумақты, соның ішінде балалар мен спорт алаңдарын абаттандырамыз. 24 мамырда, уәде етілгендей, тағы бір мәрте тұрғындармен кездесу өткіземін. Мердігер ұйымдармен бірге құрылыс жұмыстарының барысымен таныстырамыз. Қолдау мен көмек үшін баршаңызға зор алғысымды білдіремін. Біздің күшіміз - бірлігімізде!», деді Даниал Ахметов.