Бокс • 16 Мамыр, 2021

Көш басында – Владимир Кличко

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі BoxRec.com сайты әр жылдары аса ауыр салмақта өнер көрсеткен кәсіпқой боксшылардың рейтингін жариялады. Үздіктер тізімінде Владимир Кличко көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz

Көш басында – Владимир Кличко

Ұзақ жылдар бойы Украинаның туы астында өнер көрсеткен айтулы былғары қолғап шебері Қазақстанда дүниеге келгенін жанкүйерлер жақсы біледі. Биыл 45 жасқа толған Владимир әуелі әуесқойлар арасында атой салып, орасан зор көрсеткіштерге қол жеткізді. Атланта Олимпиадасында бас жүлдені олжалағаннан кейін ол кәсіпқой рингте күш сынасуға бел буды. 1996-2017 жылдар аралығында 69 кездесу өткізген украиналық алып 64 рет жеңіс тойын тойлады. 54 қарсыласын нокаутпен ұтты. Осындай елеулі табыстарының арқасында Владимир Кличко WBA, WBO, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын иеленді.

Сонымен қатар, «ТОП-10» боксшының қатарында Джо Луис, Мұхаммед Әли, Рокки Марчиано, Сонни Листон, Леннокс Льюис, Риддик Боу, Тайсон Фьюри, Виталий Кличко және Майк Тайсон сынды саңлақтар бар.