Әлем • 16 Мамыр, 2021

Олимпиада жолдамасының 70 пайызы ойнатылды

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Токиодағы Ойындарға қатысуға арналған лицензиялардың 70 пайызы бөлінгендігі туралы жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Олимпиада жолдамасының 70 пайызы ойнатылды

Осылайша, 7800-ден астам спортшы алдағы Олимпиаданың қатысушылары болды.

Қалған квоталар рейтингтерге сәйкес, сондай-ақ квалификациялық жарыстар арқылы ойнатылады. Бұл ретте футбол, су добы, спорттық күрес, тректегі және шосседегі велоспорт, гандбол, көгалдағы хоккей, волейбол, құзға шығу, суға секіру, ат спортында жолдамаларды үлестіру аяқталды.