Футбол • 17 Мамыр, 2021

«Астана» ұзап барады

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан чемпионатының 11-тур ойындары аяқталды. Кезекті кездесуінде жеңіске жеткен «Астана» 29 ұпай жиып, өзге бәсекелестерінен қара үзіп кетті.

«Астана» ұзап барады

Жұма күні елордалық футболшылар Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. Кездесудің 4-минутында Марин Томасов мергендік танытты – 1:0. Осы есеп матчтың соңына дейін сақталды. Осылайша, «Астана» өзінің басты қарсыластарынан біраз ұпай озып, жарыс кестесінде жеке-дара көш бас­тап тұр. Қарағандының «Шахтері» мен Түр­кістанның «Тұраны» арасындағы бәсекенің де тағдырын бір ғана доп шешті. Нұр-Сұл­танда өткен ойында Таңат Нөсербаев соққан голдың нәтижесінде оңтүстіктен келген жігіттер жеңіске жетті – 1:0. Оралдың «Ақ­жайығы» өз алаңында Алматының «Қай­ра­тын» қабылдады. 53-минутта Павел Наза­рен­ко нысананы дәл көздеп, жергілікті жан­күйер­лерді қуантты – 1:0. «Ақтөбе» мен Қы­зылорданың «Қайсары» арасындағы бәсеке 1:1 есебімен тең аяқталды.

Сенбі күні тағы да үш ойынды тама­шаладық. Петропавлдың «Қызылжары» Ақтаудың «Каспийін» ұтты – 2:0. «Атырау» «Тараздан» басым түсті – 1:0. Ал «Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы матчта жеңімпаз анықталған жоқ – 1:1.