Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Сарыағашта 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдер тобы 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сарыағашта 13 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

Сарыағаш АПБ-не 2008 жылы жергілікті тұрғын өзінің танысы Өзбекстан елінен ірі көлемде ет әкеліп беремін деп, 2,5 миллион теңгесін жымқырып кеткенін айтып арызданған.

«Аталған жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын жасаған. Алайда ақпарат көзінің жоқтығына байланысты қылмыскерді ұстау оңайға тимегендіктен, іздеуге қойылған. Сарыағаштық полицейлер күдіктіні анықтау мақсатында үздіксіз жұмыстыр жасады. Нәтижесінде жедел уәкілдер тобы күдікті азаматты ақпарат көздері арқылы Мәскеу қаласынан анықтап, бөлімге жеткізді. Белгілі болғандай орта жастағы күдікті азамат 10 жыл бойы Ресей Федерациясында жұмыс істеп жүрген жергілікті тұрғын екені белгілі болды», делінген Сарыағаш АПБ таратқан хабарламада.

Бүгінгі таңда айғақты зат ретінде күдіктіден ақша алынып, заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ер азамат қамауға алынған. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50