Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Шығыс Қазақстан «жасыл» аймақта

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстанда өршіген індет сәл бәсеңдеген көрінеді. Соңғы тәулікте облыста короновирус инфекциясы 74 адамнан ғана анықталды. Әрине, аз көрсеткіш емес. Бірақ «жасыл» аймаққа өтуге негіз бар деген шешімге келді мамандар.   

Шығыс Қазақстан «жасыл» аймақта

Өңір «жасыл» аймаққа өткенімен, бас санитарлық дәрігердің қаулысы әлі шыға қойған жоқ. Сондықтан да шектеу шаралары бұрынғыдай сақталады. Тіпті, жағдай оңала қоймаса жағажайларда да медициналық бетперде киюге тура келеді.  

Естеріңізге қайта бір сала кетсек, облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15 сәуірдегі қаулысына сәйкес, халық қоғамдық орындарда, оның ішінде аялдамаларда медициналық немесе мата маскаларын міндетті түрде тағуы керек. Жағажай қоғамдық орын болғандықтан, ол жерде де медициналық бетперде кию міндетті.

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандарының хабарлауынша, әлеуметтік қашықтықты сақтаған жағдайда медициналық маскасыз шомылуға рұқсат етіледі. Шектеу шараларын бұзу фактілері анықталса, әкімшілік шара қолданылады.