Аймақтар • 17 Мамыр, 2021

Алматыда ер адамның мәйіті табылды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Апорт» сауда, ойын-сауық орталығының маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Алматыда ер адамның мәйіті табылды

Тергеу амалдарын Наурызбай аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

«Қайтыс болған ер адамның кім екені белгілі болды. Ол 49 жастағы Алматы облысының тұрғыны. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар күдіктіні анықтау бойынша жедел шаралар кешені қабылданды», деп хабарлады полициядан.