Оқиға • 17 Мамыр, 2021

Әсел Айтбаеваның ісі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әсел Айтбаеваның ісі бойынша Қазақстан Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әсел Айтбаеваның ісі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

«Жақын арада халықаралық келісімге сәйкес Бас прокуратура мен Сыртқы істер министрлігі үйлестіруімен Қазақстан ІІМ Грузияға жедел-тергеу тобын жібереді. Оның міндеті – оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп, сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша Грузия тарапымен ақпарат алмасу», деді ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз брифингте.

Ол Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінде Грузияда қаза тапқан қыздың ата-анасының өтініші негізінде Азамат Мейірбековке қатысты шара қабылдау туралы ҚР ҚК-ның 128-бабы бойынша соталды тергеуді басталғанын айтты.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз көпқабаты үйдің терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Марқұмның әпкесінің сөзінше, Әсел қайтыс болар алдында құрбысына аудиохабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода белгісіз ер адамның оған қоқан-лоқы көрсетіп жатқаны естіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз жыл күткен жеңіс

Спорт • Бүгін, 11:30

Көңілден шыққан көрікті жер

Табиғат • Бүгін, 11:20

Дәрігерлер шыңы

Алматы • Бүгін, 11:10

Тау туризмі дамып келеді

Туризм • Бүгін, 11:05

Дулати дүниетанымы

Руханият • Бүгін, 10:55