Қалалық полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы таратқан ақпаратта екі жасар баланың жоғалғаны айтылған.
Әскери жасақ бастығы қатардағы Мадияр Тохтар, патрульші сарбаздар Жайық Рысқазы мен Ернұр Өмірбек хабарламаны алған бойда көрші жасақтарға да хабарлап, бірден іздеуге кіріседі.
Іздеу жұмыстары ұзаққа созылмай, жарты сағатта бала табылды.. Баланың ата-анасы қырағы қызметі мен жедел көмегі үшін Ұлттық ұлан әскери жасағына алғыс білдірді.