Қаржы • 17 Мамыр, 2021

Банк секторында өсім байқалады

325 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Иә, бізде мемлекет банк секторына қолдау көрсетеді. Мемлекеттің «Ер басына күн туса, етігімен су кешер» нағыз қаһарманға айналғанын талай көрдік. Қайтеміз, біздің нарық солай құрылымдалып тұр. Сондықтан қалай болса да бұл саланың жетістігіне қуанамыз. Банк жағдайы жақсы, олардың қарыз портфелі төмен болса, онда азаматтардың да борышы азайған немесе төлеу қабілеті жақсарған деп топшылауға болады. Сала көрсеткіштері жақсарып бара жатса, күндердің күні пайыздық ставка да төмендер деген үміт те қылтияды. 

Банк секторында өсім байқалады

«Банк ЦентрКредит» пікірі

«Банк ЦентрКредит» АҚ-тың мәлімдеуінше, еліміздегі 14 банкке жүргізілген активтер сапасын тәуелсіз бағалау (AQR) нәтижесінде отандық банк секторының жеткілікті капитал қоры бар екені анықталған.

«Қаржылық қадағалаушы AQR-ды 2020 жылдың ақпанында аяқтап, жүйелік деңгейде 800 млрд теңге көлемінде капитал қоры бар екенін растады. Сон­дай-ақ Еуропалық орталық банкі әдістемесі негізінде ба­қы­лау стресс-тестілеуі жасалды. Ол бо­­йынша негативті макро­эко­номи­калық сценарий бола қалған жағ­­дайда банк капиталының қан­ша­лықты жеткілікті боларын бағамдауға болады. Стресс-тестілеу нәтижесінде банк жүйесі капитал қорының сырт­қы қауіп­тер­мен байланысты қосым­ша шы­ғын­дардың өзін жойып (жұ­тып) жіберуге қауқары бар екені белгілі болды. Яғни елдегі банк жүйесін тұрақты деп бағалау­ға болады. 2021 жылдың екі айы­ның қорытындысы бойынша банктер тұрақтылық деңгейін ұстап тұр: 1 наурызда екінші деңгейлі банктер активтеріндегі өтімділік үлесі 40 па­йыздан асады, негізгі капи­тал­дың жеткілікті деңгейі 25,8 па­йыз­ды құрап отыр» делінеді банк баспасөз қызметінің жауабында.

Банк өкілінің айтуынша, банк жүйесі беріктілігін қолдау мақ­сатында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі пруден­циалды қадағалау шараларын енгізген. Консервациялық буферге қойылатын талапты бір тармаққа, 2-ден 1 пайызға, 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін төмендету туралы шешім қа­былданған. Сонымен қатар шағын және орта бизнес субъек­тілеріне ұсынылатын несие мен кепілдіктерге тәуекелдерді азайту да қарастырылған.

«Бизнесті қолдаудың негізгі құралы ретінде жеңілдетілген не­сиелеуді айтуға болады. Ұлт­тық банк бағдарламасы аясында ШОБ субъектілерін 8 пайыз­бен несиелеу бойынша 600 млрд тең­ге бөлінді. «Қарапайым зат­тар эко­но­микасы» бойынша ұзақ мер­зімді несиелеу 600 млрд тең­ге­ден 1 трлн теңгеге ұлғай­тыл­ды. Салалық шектеулер алынып тас­талып, займ сомасының 85 пайызына дейін кепілдік берілді», дейді «Банк ЦентрКредит».

 

Көңіл күйі көтеріңкі цифрлар...

Сектордың өз жағдайын сәт санап жақсартып келе жатқанын жақында жарияланған Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің есебінен де көре аламыз. Дәл қазір елімізде қызмет атқарып жатқан 25 банктің (оның 15-і – шетелдік еншілес банктер) биыл I тоқсандағы таза жиынтық табысы 283 млрд теңгеден асып­ты. Жиынтық таза табыс тұрғы­сы­нан «Халық банк», Kaspi Bank, ForteBank, «Сбербанк» және «Отбасы банк» көш бастайды. Бес қаржы институтының қа­рыз портфелінің үлесі 64,5 па­йыз­­дан 66,7 пайызға өсіп, депо­зит портфелі де 67,1 пайыз дең­гейіне көтерілген. Жалпы, биыл 1 сәуірдегі жағдай бойынша ел­дегі банк секторының актив кө­лемі 32 426,2 млрд теңгеге жет­ті. Мұны агенттік былтырмен са­лыс­тырғанда 4 пайызға өскен деп бағалайды. Ал жиынтық ак­тив­тегі қарыз портфелінің үлесі биыл қаңтар-наурыз аралығында 50,7-ден 48,7 пайызға азайды. Жыл басынан бері «АТФ Банк», ForteBank, Bank RBK және «Халық банкте» берілген несие көлемі айтарлықтай төмендеген. Заңды тұлғалардың өз займдарын белсенді түрде өтей бастауы осы нәтижеге себеп болғандай. Жыл басынан бері заңды тұлғалар не­сиесі 0,5 пайызға қысқарып, ша­ғын кәсіпкерлік субъектілеріне несие ұсыну көлемі 3,5 пайызға азайып кеткен.

Банктер кәсіпкерлік субъек­ті­леріне несие беру деңгейін тө­мен­­деткенімен, жеке тұл­­ғалар­ды несиелендіруді арт­тыр­­ған. Жыл басталғалы тұтыну­шы­­лық бағыт­тағы несиелер 4 391-ден 4 556 млрд теңгеге дейін ұл­­ға­­йып­­ты. Сондай-ақ отан­дық банк­­т­ер ар­қылы берілген несиедегі тең­­­генің үлесі 87,8 пайызды құрай­ды. Бұл ретте шетел валю­та­сы ар­қы­лы рәсімделген несие үлесі не­бәрі 12,2 пайыз деңгейінде.

 

ШОБ нысандары үшін қай банк қолайлы?

Жоғарыдағы статистика­дан банк­­тердің шағын және орта биз­­нес субъектілерін қаржы­­лан­дыруға аса ынталы емес екенін аңғардық. Қазір елімізде шамамен 335 мыңға жуық ШОБ субъек­тісі бар. Бәрі бірдей нарықты қыз­дырып тұр деуге келмейді. Оның 167 мыңы ғана белсенді жұмыс атқарады. Әрине, сол 167 мың кәсіпкерлік нысанына қаржылық қолдау ауадай қажет екені айтпа­са да түсінікті. Дәл қазір елі­міз­дегі ірі 10 банктің 8-і ШОБ-ты қар­жы­ландыру бағдарламасын ұсынып отыр. Соның ішінде ең төменгі жылдық тиімді ставка «Халық банкке» тиесілі – 14,2 пайыздан басталады. Одан кейінгі орында 15,5 пайызбен ForteBank және 15,7 пайызбен Jusan Bank тұр.

«Халық банк» беретін максималды займ сомасы – 5 млрд теңгеге дейін деп қарастырылған. Сондай-ақ бұл банкте 3 млрд теңгеге дейін берілетін өнімдер де бар. Одан кейінгі орындарды ForteBank (2 млрд теңгеге дейін) пен Kaspi Bank (1 млрд теңгеге дейін) бөліседі. Сегменттегі ең ұзақ мерзім «Сбербанкте» бар екен – бұл банктің шарты бойынша займды 120 айға бөлу­ге болады. Сонымен қатар 84 айлық мерзім бұл банкте де және «Халық банк», Jusan, Bank RBK, Еуразиялық банктерде де бар.

 

Таза табыс пен NPL деңгейі

Банктер көптеген саланы не­сие­лейді. Соның ішінде қар­жы­­лық институттар негізінен өнер­кәсіп (13,5), құрылыс (4,2), сау­да (11,8) және транспорт (3,2) сек­­торларын қаржыландыруды қо­лай көреді екен. Саланың биыл­ғы бірінші тоқсандағы таза табы­сы 283,3 млрд теңгеге жетті деген­ді айт­тық. Бұл 2020 жылдың сәй­кес ке­зе­ңімен салыстырғанда 34,6 млрд теңгеге көп. Банктер бір жыл­да 14 пайыздық өсімді қам­тамасыз етіп отыр деген сөз. Ең көп табыс «Халық банк» (83,7 млрд теңге), Kaspi Bank (63,5 млрд теңге) және «Сбербанкке» (30,6 млрд теңге) тиесілі. Бірақ «Халық банк» былтыр дәл осы кезеңде бұдан да көп табыс тапқан еді. Олар биыл таза табысын 517,6 млн теңгеге азайтып алды. Соның өзінде көш тізгінін өзге институттарға ұстата қоймапты. Ал пандемия кезінде белсенді жұмыс істеген Kaspi Bank пен «Сбербанкке» жылдық табыс­тарын 6,1 және 12,5 млн тең­геге көбейтуге мүмкіндік туған.

1 сәуірдегі жағдай бойынша 90 күннен асқан мерзімде төленбеген несиенің (NPL 90+) үлесі 6,9 пайыздан 7,1 пайызға ұлғайды. Сөйтіп 1120,8 млрд тең­геге жеткен. Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігінің де­регінше, заңды тұлғалардың қа­рыз портфеліндегі NPL 90+ 5-тен 9 пайызға өсіп кеткен. Қарыздың ұлғаюына осы қатты әсер еткен сияқты. Алайда жеке тұлғалардағы NPL 90+ кері­сінше, 5,4-тен 5,3 пайызға төмен­деген. Жекелеген банктер есе­бінен де кешіктірілген несие кө­лемінің төмендегенін аңғара­мыз. Дегенмен бұған дейін айт­қаны­мыздай, былтыр пандемия тол­қыны кезінде көптеген аза­мат несие төлемін кейінге ше­геру мүмкіндігін пайдаланды. Олар­дың мерзімі әлі аяқталған жоқ. Сон­дықтан жыл соңында қа­рыз порт­фелінің шынайы сапасы мүл­де басқа деңгейді көрсетуі ық­ти­мал. Сондықтан 2021 жыл­дың со­­ңына қарай 90 күннен ас­қан мер­­зімде төленбеген несие үлесі ар­­тып кетіп жатса таңғалуға болмас.