Қоғам • 18 Мамыр, 2021

Өскеменнің бұрынғы әкімі министрліктегі қызметінен де кетті

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскеменнің бұрынғы әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылғаннан кейін, сауда министрлігіндегі қызметінен де босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменнің бұрынғы әкімі министрліктегі қызметінен де кетті

Қуат Тұмабаев 22 сәуірде Сауда және интеграция министрлігінде экспортты ілгерілету бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Бұған дейін парламент Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиялық бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов экс-әкімнің жаңа лауазымға тағайындалуы Nur Оtan партиясының «Ар-намыс» кодексіне қайшы келетінін айтып, қызметінен босатуды ұсынған болатын.

Оған себеп, 2018 жылдың 15 сәуірінде Риддер қаласында 18 жасар жаяу жүргіншінің өліміне алып келген жол-көлік оқиғасына Қуат Тұмабаевтың қатысы бар екені айтылған. Яғни ол бозбаланы қаққан жүргізушінің жанында отырып, кейін басқа көлікпен кетіп қалған.

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін экс-әкім мемлекеттік қызметке қайта оралған.