Аймақтар • 18 Мамыр, 2021

Шөкеевтің орынбасары «ұсталғаны» рас па?

1169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шөкеевтің орынбасары «ұсталғаны» рас па?

«Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы таратылған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз.

М. Мырзалиев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өндірісіндегі қылмыстық іс бойынша қорғалуға құқығы бар куәгер ретінде шақырылды.

Ол күдікті ретінде танылған жоқ, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалмады. Өзге ақпарат ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», делінген агенттік таратқан ақпаратта.