Қоғам • 18 Мамыр, 2021

Алматыны тасқыннан қорғайтын бөгеттің құрылысы басталды

481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Алматы қаласындағы «Шұқырбұлақ» сел ұстау бөгетінің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыны тасқыннан қорғайтын бөгеттің құрылысы басталды

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының бірнеше әлеуметтік нысанын тасқыннан қорғауға арналған.

Трансшекаралық су көзі саналатын Қорғас өзенінің Қазақстан аумағындағы бөлігінде 116 мұздық пен 36 мұзды көл бар. Осы көлдердің гидрологиялық жағдайын тасқын кезінде реттеу үшін Қорғас өзені бассейніндегі «Шұқырбұлақ» сел ұстау бөгеті, «Қорғас-1» және «Қорғас-2» гидротехникалық нысандары салынып жатыр.

Құрылыс жобасын әзірлеушілердің айтуынша, инженерлік-қорғау кешені Басқыншы ауылын, Қорғас ауылының оңтүстік бөлігін, «Достық» гидроторабы мен оның суару арналарын тасқыннан қорғауы тиіс.

«Құрылыс «Қорғас» шекарамаңы ынтымақтастығының халықаралық орталығын, теміржол және автомобиль көпірлерін, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолдарын, сондай-ақ Қазақстан – Қытай газ құбыры учаскесін қираудан, су басудан қорғайды»,  деді министрліктің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20